Ақп 27, 2020 19:40 Asia/Almaty
  • FATF-тың қара тізімі – Иранға саяси көзқарас

Иран үкіметі FATF қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобының ИИР-ды әріптеспейтін елдердің қара тізіміне енгізуге шешім қабылдауын жамандық тілеуші кейбір еллердің саяси мақсатымен жасалған шара деп атады.

Иран үкіметі сәрсенбі күні: «Иранның антитеррористік саясаты Ислам республикасы жүйесінің әділеттік пен бейбітшілікті талап етуші болмысына негізделген және барлық салаларда, соның ішінде лаңкестікті қаржыландырумен күресу саласында да бар күш-қуатымен орындалады»,-деп мәлімдеді.

FATF қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобы 2020 жылдың 21 ақпанында Иранды атқарған шараларының лаңкестікті қаржыландырумен күресуге қатысты халықаралық ережелерге сай келмеді деген сылтаумен қара тізімге енгізді.

Аталмыш жұмыс тобының Иранға қарсы уәждері бұл елдің Батыс Азия аймағында әртүрлі лаңкестік топтармен шынайы да әсерлі түрде күресіп жатқан жалғыз ел болып отырған жағдайда айтылды.

Иран ислам дінінен бастау алған әділеттік пен бейбітшілікті талап етуші болмысы мен жолдауы негізінде әділеттік аясындағы ұлттық және халықаралық принциптер мен ережелерді сақтауға міндетті.

Осы аяда Иран ақша жылыстату және лаңкестікті қаржыландыру күресуге қатысты ұлттық заң қабылдап, күшіне енгізді.

Ислам Кеңесі Мәжілісі Ирандағы заң шығарушы орган ретінде ақша жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күресу саласында ішкі заңдар мен ережелерді белгіледі. Олардың тиімділігі халықаралық заңдар мен ережелерден кем емес.

Халықаралық механизмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерінің болатынына және көбіне алпауыт елдердің саяси көзқарастарының ықпалында болатынына байланысты мұндай механизмдердің ақша жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күресу ережерлерін орындауға аса ыждаһаттылықпен қарайтын Иран сияқты елдерге қысымдарының құқықтық сипаттан гөрі саяси сипаты басымырақ. Мұнымен қоса, АҚШ-тың Иранға қарсы жан-жақты санкцияларынан кейін бұл елдің банктік жүйесінің халықаралық банктермен қатынасы жоқ. Мұндай жағдайда FATF-тің қаржы ережелерін қабылдап, орындаудың Иран үшін пайдасы шамалы.

Қалыптасқан жағдайды, яғни АҚШ-тың санкциялары мен Иранның банктік жүйесінің басқа елдермен қатынасының жоқтығын ескере отырып, Иранның FATF-тің қара тізіміне қайта енгізілуі ел экономикасына әсер етпейді.

Осы салада ИИР Орталық банкінің төрағасы Абдул Насер Хеммати: «АҚШ-тың барынша қысым мен ауыр санкциялар кезеңінде Иранның банктік жүйесі FATF аясынан тыс жаһандық қаржы жүйесімен белгілі бір деңгейде санкцияға ұшырамайтын қатынас орната алды»,-деді.

Иранның сыртқы сауда басымдықтарының қара алтыннан (мұнай) мұнай өнімдеріне, инженерлік-техникалық қызметтерге және іргелі ғылымға негізделген тауарларға ауысуы АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен кедергілерінің және FATF сияқты халықаралық механизмдердің саяси іс-шараларының Иранның сауда қатынасына сызат түсіре алмауына себеп болды.   

Тегтер

Сараптама