Нау 15, 2020 23:57 Asia/Almaty
  • Путин Ресей конституциясына өзгеріс енгізу жобасына қол қойды

Ресей Конституциясына өзгеріс енгізу және ел басшысы Владимир Путиннің саяси болашағы бұл елдің соңғы саяси өзгерістердегі басты мәселелері болып отыр.

Осы орайда Ресей Президенті Владимир Путин сенбі күні, 14 наурызда осы елдің конституциясына өзгеріс енгізу жобасына қол қойды. Бұған қатысты референдум Ресей конституциялық сотының осы өзгерістердің ел Конституциясына үйлесетінін растағанынан кейін өткізіледі. Бұл толықтыру Ресей Конституциясына өзгеріс енгізу мәселесі дауысқа салынып, халықтың 50 пайыздан аса оң дауысына ие болса, күшіне енеді.

Бұл саладағы маңызды өзгеріс Ресей Думасында ел Конституциясына өзгеріс енгізуді бекіту болды. Ол Путинге қазіргі президенттік кезеңі аяқталған соң билікте қалуына жағдай жасайды. Бекітілген өзгеріске сәйкес, адам екі кезеңнен артық Ресей Президенті бола алмайды, тек қазіргі басшы Владимир Путин 2024 жылға дейін осы лауазымға қайта үміткер бола алады.  

Ресей Думасы сәрсенбі күні 11 наурызда 383 оң дауыс, 0 қарсы дауыс және 43  қалыс дауыспен бұл елдің Конституциясына өзгеріс енгізу және Владимир Путиннің президенттік кезеңін ұзарту туралы ұсынысты қабылдады. Бұл ұсынысты Путиннің партияластарының бірі жасады. 24 депутат жиналысқа келмеді. Путиннің қолдауына ие болған ұсыныс 2020 жылдың 20 қаңтарында Ресей Думасына берілді.

Ресей Думасында Конституцияға өзгеріс енгізу жобасы бекітілген соң Федералық кеңес де сол күні көпшілік дауыспен бұл жобаны бекітті. Оның ішінде Путинге келесі президенттік сайлауға қатысуға рұқсат берілген. Путин бұл қосымшаны тек конституциялық сот келіскен жағдайда ғана  қабылдап, 2024 жылғы президенттік сайлауға үміткер болатынын айтты.  

Путин мықты әрі ықпалы басшы ретінде бұрынғы қатынастарына керісінше мынадай шешімге келді: егер 2024 жылғы президенттік сайлауда Ресейде билік басына басқа саясаткер келсе, конституцияға енгізілген өзгерістер аясында елдің саяси саласында ықпалды әрі шешуші тұлға болып қалғанымен, жағдай оның қалағанындай болмауы мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда билікті қайта қолға алуға бел буды.  Ресей  басшысы Путин саяси-экономикалық және әскери олигархияның басында тұрғандықтан, осы топ мүшелерінің оған билікте қалуға қысым жасау ықтималы зор.   

Тегтер

Сараптама