Нау 25, 2020 15:20 Asia/Almaty
  • Зариф пен Лавров коронавирус және АҚШ санкциялары туралы пікір алмасты

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус пен АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары туралы пікір алмасты.

Pars Today агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров коронавирус пандемиясының екі ел мен әлемге әсері, әсіресе Иранның бұл вируспен Вашингтонның біржақты санкциялары салдарынан туындаған қиын жағдайдағы күресі мен Ауғанстандағы саяси өзгерістер және АҚШ-тың әртүрлі елдерге қарсы біржақты санкцияларының күшін жою саласындағы халықаралық талпыныстар секілді мәселелер жөнінде сөйлесті.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Мәскеу Вашингтоннан үкіметтердің коронавируспен карсыласуы жолында қиындық тудырып отырған адамгершілікке жатпайтын санкцияларын алып тастауды талап етеді»,- деді. Лавров сондай-ақ Ресейдің ИИР-мен жан-жақты қарым-қатынасын дамытқысы келетінін қуаттады.

 

 

Тегтер

Сараптама