Нау 25, 2020 16:43 Asia/Almaty
  • Таиланд, Қазақстан және Тайвань елдерінде коронавирусқа шалдыққандардың саны артты

Тайланд, Қазақстан және Тайвань елдерінде коронавирусқа шалдыққандардың саны артты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбі күні тағы 107 адамның тіркелуімен бұл елдегі коронавирусқа шалдыққандар санының 934 адамға жеткенін хабарлады.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі де сәрсенбі күні елде COVID-19-ға шалдыққандар санының 79 адамға жеткенін хабарлады. Қазақстан Президенті 15 наурызда коронавирус таралуының алдын алу үшін елде төтенше жағдай жариялады.

Тайвань тағы 19 адамның белгілі болуымен елдегі коронавирусқа шалдыққандардың санын 235 адам деп жариялады.

Әлемнің түкпір-түкпірінде коронавирусқа шамамен 423000 адам шалдықты. Олардың 19000 қаза болып, 109000 адам жазылды.

 

 

 

 

 

Сараптама