Нау 26, 2020 15:38 Asia/Almaty
  • 8 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Бас хатшысына санкциялардың коронавируспен күреске теріс әсер ететінін ескертті

БҰҰ-дағы Иран, Ресей, Қытай, Куба, Солтүстік Корея, Ирак, Венесуэла және Никарагуа елдерінің өкілдері ұйымның Бас хатшысына хат жазып, коронавирустың ортақ дұшпан екені және санкциялардың онымен күресуге теріс әсер ететіні жөнінде ескертті.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, 8 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке жолдаған хатта: «Қазіргі кезде халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның Жарғысын әшкере бұзып,  біржақты және заңсыз салынған санкциялар елдердің коронавируспен күресуін қиындатты», - деп жазды.   Хаттың жалғасында коронавирусқа қарсы күрестің ынтымақтастық пен бірлестіктің жоғары деңгейін қажет ететіні қуатталып: «Санкциялар үкіметтердің коронавирусқа қарсы күресін, әсіресе науқастарды емдеуге қажет тестер мен дәрі-дәрмек және тағы басқа медициналық қажеттіліктердің уақытылы қамтамасыз етуін әлсіретеді»,- деп ескертілд.

Осыған орай БҰҰ-дағы 8 мемлекеттің өкілдері ұйымның Бас хатшысынан экономикалық қысым көрсетіп отырған заңсыз санкциялардың күшін толық жоюды сұрады.

 

 

Тегтер

Сараптама