Нау 28, 2020 17:15 Asia/Almaty
  • АҚШ коронавируспен күресу үшін Иранның активтерін босатуға қарсылық білдірді

АҚШ коронавирус дағдарысы жағдайында Иранның активтерін босатуға қарсылық білдірді.

The Washington Free Beacon сайты сенбі күні таңертең АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап: «Вашингтон Дональд Трамп үкіметінің жуық арада Иранға өз активтеріне қолжеткізу үшін арнайы жеңілдіктер беретіні туралы ақпараттарды жалған деп атады»,-деп жазды.

Middle East Eye ақпарат сайты жұма күнгі бір мақаласында: «Иран активтерінің басым бөлігі Трамп үкіметінің Иранға қарсы санкцияларына байланысты Еуропа банктеріндегі есеп-шоттардың көбінде бұғатталған»,-деп жазды.

Әлемде таралған коронавируске қарсы күресу қажеттігін ескеріп, халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын жоюға өтініш білдіріп, қысым жасағанына қарамастан, Вашингтон бұрынғыдай өзінің антигуманистік қатынасын жалғастырып жатыр.  

 

Тегтер

Сараптама