Нау 28, 2020 19:50 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Сирияда лаңкестердің атын өзгерту жеткілікcіз

Ресей Түркияға лаңкестердің атын өзгерткенін қабылдауға болмайтынын, сондықтан оларды Сирия қарсыластарынан шынайы түрде бөліп алуды сұрады.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жұма күні кешке ат ауыстырудың бұл топтардың лаңкестік болмысын өзгерте алмайтынын айтып, Анкараға: «Біздің түрік серіктестеріміз ұстамдыларды әсірешілдерден бөлу талпыныстарын жалғастырып, содан соң оларды залалсыздандыру шараларын қабылдайды деп үміттенеміз. Қате түсінудің қажеті жоқ. Біз халықаралық тұрғыдан лаңкестерді анықтау жайлы айтып отырмыз. Олардың өздерін қандай лақап атпен атайтыны маңызды емес»,-деді.

Сирия үкіметіне қарсыларға бағынышты ақпарат көздерінің айтуынша, жуырда «Джибхат ан-Нусраға» бағынышты лаңкестік топтар «Танзим Хараседдин» деген жаңа атаумен бірікті.  

 

Тегтер

Сараптама