Нау 31, 2020 20:01 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранмен ядролық әріптестікке берілген рұқсатты 60 күнге ұзартты

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Морган Ортагус дүйсенбі күні кешке Вашингтонys4 басқа елдердің Иранмен ядролық әріптестігіне қатысты 4 жеңілдікті тағы 60 күнге ұзартқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ортагус Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қарсы негізсіз уәждерін қайталады.

АҚШ үкіметі 2020 жылдың 30 қаңтарында Иранмен бейбіт ядролық әріптестікке қатысты жеңілдіктерді 60 күнге ұзартты, алайда онымен  бір мезгілде Иранның Атом қуаты ұйымы мен оның басшысы Әли Акбар Салехиге санкция салды.

Иранмен бейбіт ядролық әріптестік – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы баптарының бірі.   

Бұған қарамастан Трамп үкіметі осы күнге дейін кейбір жеңілдіктердің, соның ішінде байытылған уран мен ауыр суды Ираннан тыс жерге тасымалдауға рұқсаттың күшін жойды.

 

Сараптама