Нау 31, 2020 20:24 Asia/Almaty
  • Коронавирустың таралуына байланысты 47 млн америкалық жұмыссыз қалады

АҚШ басшылары коронавирустың таралуына байланысты 47 млн америкалықтың жұмыссыз қалатынын хабарлады.

Sputnik ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауынша, АҚШ Орталық банкінің мәліметіне сәйкес бұл елде 2020 жылдың бірінші кварталының соңына дейін жұмыссыздық көрсеткіші жоғарылап, 47 млн адамға жетеді.

COVID-19 вирусы жаппай таралған жағдайда АҚШ-та жұмыссыздық көрсеткіші 32,1 пайызға жетуі мүмкін.  

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 160 мың адамнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәлімдеуінше, АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 мыңнан асты.

Тегтер

Сараптама