Сәу 01, 2020 19:47 Asia/Almaty
  • АҚШ медицина саласының басшылары елінде коронавирустан 100 мың адамның қаза табатынын ескертті

АҚШ-тың Жұқпалы аурулар және аллергия ұлттық институтының басшысы COVID-19 вирусынан 100 мың адамның қаза табатынына дайын болу қажеттігін мойындады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Жұқпалы аурулар және аллергия ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен баспасөз отырысында: «Адамдар ауруға шалдығып, өліп жатыр. Алдағы 30 күнде не болатынын көреміз.

Коронавирустың таралуына байланысты алдағы 2 апта өте қиын болмақ»,-деді.

Ақ үйдің медициналық істері бойынша үйлестірушісі Дебора Брикс осы отырыста бұл вирусқа қарсы ешқандай сиқырлы вакцина немесе дәрі жоқ екенін айтты.  

АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 200 мыңға жетті.

 

Тегтер

Сараптама