Сәу 03, 2020 18:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті мен Еуропа кеңесінің басшысы коронавирус туралы сұхбаттасты

Қазақстан Президенті мен Еуропа кеңесінің басшысы телефон арқылы сұхбаттасып, әлемде таралған коронавирус пен оның салдарларын жою үшін бірлескен шаралар атқару туралы пікір алмасты.

Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауынша, телефон арқылы  сұхбатта Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын кепілдендіру үшін кесімді шаралар атқарады»,-деді.

Қазақстан Президенті сұхбатының бір бөлігінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің коронавируспен күресу үшін бір гуманитарлық бағдарламаны, соның ішінде әлемнің әлсіз елдеріне көмектесу мақсатында халықаралық инвестиция тарту жобасын орындау саласындағы бастамасына қолдау білдірді.

Шарль Мишель Қазақстан Президентінің ел аумағында коронавирустың таралуының алдын алу үшін қабылдаған шешімдері мен атқарып жатқан шараларын оң бағалады.

 

Сараптама