Сәу 04, 2020 21:45 Asia/Almaty
  •  АҚШ-тың санкциялары – адамзатқа қарсы айқын қылмыс

Халықты дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық пен медициналық қызметтерге қолжетімділіктен айыру адамзатқа қарсы айқын қылмыс.

Женевадағы БҰҰ штабындағы Иранның тұрақты өкілі Исмаил Бақаи Хамане жұма күні ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске жазған хатында: «АҚШ санкциялары Иранның банктік қатынасын бұғаттап, басқа елдерден коронавируспен күресуге қажет заттарын сатып алуға кедергі тудырып отыр»,- деп жазды. Бақаи Хамане БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериштың «Қазір оқшауланатын емес, ынтымақтастық уақыты» деген ұстанымын еске салып: «БҰҰ Бас хатшысы дәрі-дәрмек мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін кейбір мемлекеттерге қарсы санкциялардың күшін жою қажеттігін қуаттайды»,- деді. Женевадағы БҰҰ штабындағы Иранның тұрақты өкілі сондай-ақ 2018 жылдың қазан айының 3 күнгі халықаралық соттың шешіміне назар аудартып: «АҚШ санкциялары Ирандағы адамдардың саулығы мен өміріне шынайы зардап келтіріп жатыр»,- деді. Халықаралық соттың уақытша ұйғарымына сәйкес, АҚШ 2018 жылғы 8 мамырдағы дәрі-дәрмектер мен медициналық техниканы, ауылшаруашылық өнімдері мен жолаушылар ұшағына арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың экспортына, сонымен қатар авиацияның қауіпсіздігіне қажет  жөндеу жұмыстары  мен тексерістеріне және  қаржы операциялары мен ақша аударымдарын жүргізуге кедерге келтіретін   кез-келген шектеулерді жоюға міндеттелді. Соттың уақытша ұйғарымынан кейін АҚШ гуманитарлық жүктерді, әсіресе дәрі-дәрмектер мен медициналық техниканы санкциялардан шығарғанын мәлімдеді. Бірақ Иран мен халықаралық адам құқықтары жөніндегі ұйымдар бұл уәждерді қабылдамай, оны сынады. Иран АҚШ-тың қысымы мен санкцияларына қарамастан, өзінің ішкі мүмкіндіктеріне сүйене отырып, теңдессіз қарсылық көрсетті. Бірақ қазір коронавирустың таралуына байланысты  Қытайдан бастап АҚШ, Ресей, Африка мен Азия және бүкіл әлемдегі барлық адамдардың өмірі  қауіп-қатерге тірелді. Осы қауіпті вируспен күресу үшін медициналық құралдар мен жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік тудыру  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бағдарламаларының басты бағыты болып табылады. Иран халықаралық қауымдастықтан АҚШ-тың қылмыстарымен қарсыласуды сұрап келеді.  

 

 

Сараптама