Сәу 06, 2020 17:52 Asia/Almaty
  • Ресейлік дипломат Иранның ядролық бағдарламасы туралы қате болжамды теріске шығарды

Ресейлік дипломат АҚХА-нің Ирандағы тексерістерінің жалғасып жатқанына тоқталып, бұл үдерістің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кейбір қате болжамдардың жойылуына септігін тигізетінін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульянов дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында Иранның АҚХА-мен толық әріптестік жасап жатқанын растап: «Коронавирустың жаппай таралуына қарамастан, АҚХА-ның Ирандағы бақылау және дұрыстықты тексеру жұмыстары сәтті жалғасып жатыр. Бұл әріптестік Иранның ядролық бағдарламасы туралы жөнсіз болжамдарды жоюға көмектеседі»,-деп жазды.  

Сараптама