Сәу 06, 2020 19:18 Asia/Almaty
  • АҚШ Дүниежүзілік қаржы қорының Иранға несие беруіне қарсылық білдірді

АҚШ-тың Дүниежүзілік қаржы қорының Иранға коронавируспен күресуге қажет заттарды алуы үшін несие беруіне қарсы шығуы – адамзатқа қарсы қылмыстың шынайы үлгісі.

АҚШ Иранның Дүниежүзілік қаржы қорынан несие алу үшін берген өтінішіне қарсы шыққан соң Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани медициналық заттарға санкция салуды Трамптың заңсыз әрі адам құқығына қарсы әрекеті және Иран халқымен дұшпандығының айқын белгісі деп атады.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының адамзатқа қарсы қылмыс екеніндігінде еш күмән жоқ. Қазіргі таңда әлемде коронавирустың таралуы салдарынан науқастар саны артып, адам өлімі көбейіп, экономикалық шығын ұлғайып жатқан шақта АҚШ-тың экономикалық және банкаралық шектеулерді күшейтіп, халықаралық институттардың қаржы жеңілдіктерін пайдалануда бүлдіргі әрекеттер жасауы бұл елдің адамзатқа қарсы әрекеттеріне жиіркенішті одан ары арттыра түсті.  

Шамамен бір ай бұрын коронавирустың елдердің экономикасына тигізетін әсері айқындалған кезде Дүниежүзілік қаржы қорының басшысы Кристалина Георгиева коронавируспен күресіп жатқан елдерге 50 млрд доллар көлемінде шұғыл несие бөлінетінін мәлімдеді.

80-ге жуық ел, соның ішінде Иран Дүниежүзілік қаржы қорына осы несиені алуға өтініш берді.

Иранның Дүниежүзілік қаржы қорынан 50 млрд доллар көлемінде несие алу өтініші 6 наурызда Иран Орталық банкінің басшысы Абдул Насер Хемматидің қол қоюымен аталмыш қор басшысына жолданды. Бірақ елдердің өтінішін қарастыру барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өткен аптада Вашингтонның ИИР-ның өтінішіне қарсы екенін және қажет болған жағдайда өзінің вето құқығын пайдаланатынын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы адамзатқа қарсы осы ісін түсіндіріп, Иранның терроризмді қолдайтыны туралы негізсіз уәждерін қайталап, Иранды коронавирустың таралуына кінәлі деп атады.

АҚШ Иранға айып тағып, шындықты бұрмалау арқылы кез-келген сылтаумен және кез-келген құралмен өзінің Иранға қарсы зұлым санкцияларына заңдылық беруге тырысып жатыр.  Алайда жасыруға болмайтын шындықтар бар.

Иранның Дүниежүзілік қаржы қорынан 50 млрд доллар көлемінде несие алу өтініші шын мәнінде АҚШ-тың зорлықшыл саясатының тұтқынына айналды.

Жауластық бір жағынан АҚШ-тың үстемшіл болмысынан бастау алса, екінші жағынан халықаралық ұйымдардың құрылымындағы әлсіздіктен тамырланып отыр.

Дүниежүзілік қаржы қоры АҚШ-тың ықпалындағы ұйым. Сондықтан бұл ұйымның Иранның несие алу өтінішіне қарсы шығуы таңданыс тудырмайды.  

Дүниежүзілік қаржы қорына таңылатын саясаттар мен оның саяси қысымдардың ықпалында болуын ескерсек, қордың жеңілдіктерін пайдаланудың оған мүше елдер үшін салдарлары болары анық. Сондықтан АҚШ-тың бұл шарасы халықаралық заңдарға қайшы.  

 

Сараптама