Сәу 07, 2020 16:27 Asia/Almaty
  • АҚШ қарақшылығын жалғастырып, Барбадостың медициналық жабдықтарын ұрлады

АҚШ үкіметі қарақшылығын жалғастырып, кішкентай Барбодос елінің өкпені жасанды желдету аппараттарын ұрлады.

Talking Points Memo ақпарат базасының хабарлауынша, Барбадос Денсаулық сақтау министрі   Джеффри Бостик осы ел үшін сатып алынған өкпені жасанды желдететін 48 аппаратты тәркілегенін айттып: «Тыныс алуға көмектесетін аппараттар әлемдегі ең маңызды аппараттардың бірі саналады. Сондықтан Барбадос әлемнің басқа елдері секілді осындай аппараттармен өзін қамтамасыз етуге талпынуда»,- деді.

Барбадос шамамен 300 мың халқы бар Кариб теңізі мен  Солтүстік Атлант мұхиты және Венесуэланың солтүстік-шығысында орналасқан аралдағы елдердің бірі.

Америкалық ақпарат құралдары дүйенбі күні бұл елде коронавирусқа шалдыққан адамдар санының 356007 адамға жеткенін, соның ішінде 10467 науқастың өлгенін хабарлады.   

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама