Сәу 07, 2020 19:15 Asia/Almaty
  • Америка Иранға қарсы экономикалық соғысты тоқтатуы тиіс

ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, БҰҰ Бас хатшысының әлемдегі коронавирус пандемиясы кезінде елдер арасындағы соғысты тоқтату бастамасын қолдап, бұл бастама Иранға қарсы экономикалық соғысты да қамтиды деген үміт білдірді.

Иран Президенті санкциялардың жалғасуының Иран үшін басқа елдерге қарағанда коронавируспен күресуді қиындатқанын тоқталып: «АҚШ Иранға қарсы заңсыз санкцияларымен халықаралық заңдарды бұзуымен қатар ДДСҰ-ның 2005 жылғы шешімін де бұзып отыр»,- деді. Бұл сұхбатта көтерілген тақырыптар бүкіл елдердің тағдырына қатысты болды. COVID-19 ауруымен қарсыласу үшін ынтымақтастық және тәжірибен алмасу қажеттігі, АҚШ-тың Иранға қарсы дәрі-дәрмек мен медициналық жабдықтар саласындағы санкцияларының  бұл аурудың алдын алу мен оны емдеуге тигізіп отырған әсері халықаралық деңгейде талқыға салынатын мәселелер болды. Бұл сұхбатта сондай-ақ аймақ қауіпсіздігіне қатысты тақырыптар туралы пікір алмасу өтті. Рухани АҚШ-тың Ирактағы соңғы әрекеттерін осы ел мен аймақтың қауіпсіздігі үшін қатерлі деп атады. Эмануэль Макрон да телефон арқылы сұхбатта аймақ қарым-қатынастарындағы  Иранның маңызды әрі сындарлы рөліне тоқталып, Иран мен Францияның аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті дамыту саласындағы екіжақты, аймақтық және халықаралық қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын дамыту қажеттігін қуаттады. Ол Францияның Иранмен жан-жақты ынтымақтастығын кеңейткісі келетініне тоқталып, INSTEX қаржы алмасу механизмінің жұмыс бастау саласындағы қадамдарsy оң бағалап, аталмыш механизмді пайдаланудың арқасында Иран-Еуропа айналымы мен қаржы ынтымақтастықтарының жеңілдеуіне үміт білдірді.  Расында INSTEX қаржы алмасу механизміне қатысты іске асырылған жұмыстар мен Еуропаның міндеттемелері арасындағы қашықтық өте үлкен. Осы күнге дейін Иранға коронавируспен күресуге 30-дан астам мемлекет пен пен бірқатар халықаралық ұйымдар көмектесті. Бірақ кейбір мемлекеттер коронавирус  пандемиясын да өз мүдделеріне пайдаланбақ. АҚШ Иранға қарсы санкцияларымен адамгершілік негіздеріне қаншалықты немқұрайдылық танытатынын көрсетті. Коронавирус пандемиясы әлемдегі бірполярлық жүйенің теңгерімін өзгертіп, тіпті АҚШ-ты дағдарысқа тіреді. Қазірде бүкіл мемлекеттер ауыр жағдаймен бетпе-бет келіп, бір-бірінің көмегі мен ынтымақтастығын қажет етеді. Осы салада Иран мен Франция Президенттерінің пікір алмасуы өте маңызды. Иранның үміті мен сыны Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауынан АҚШ-тың санкцияларына үнсіз қалуы секілді мәселелермен байланысты.

 

 

Сараптама