Ирандық қақпашы – Әлем кубогы тарихындағы ең үздік азиялық футболшы
Сәу 08, 2020 19:49 Asia/Almaty
Иран ұлттық футбол командасының қақпашысы көпшілік дауыспен әлем кубогы тарихындағы ең үздік азиялық футболшы деп танылды.
Азия футбол конфедерациясының веб-сайты жүргізген сауалнамада Иран ұлттық құрамасының қақпашысы әрі «Персеполис» клубының мүшесі Алиреза Бейранванд 66 пайыз дауыспен Әлем кубогының әртүрлі кезеңдеріндегі ең үздік азиялық футболшы деп танылды.
Бұл сауалнамада Бейранвандтан кейін 26 пайыз дауыспен Кэйсукэ Хонда екінші орын алды.
2018 жылғы әлем чемпионатында жарқырай көрініп, Португалия ұлттық командасының ойыншысы әрі әлемдегі бес алтын доптың иегері Криштиану Роналдуның айып добын ұстаған Алиреза Бейранванд бұл атаққа ұсынылған бес адамның бірі.