Сәу 09, 2020 15:47 Asia/Almaty
  • Трамп: Иранға дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жіберуге тыйым салынған жоқ

АҚШ Президенті Иранға күнделікті қажеттіліктер мен дәрі-дәрмек жіберуге ешбір тыйым салынбағаны туралы уәжін қайталағанымен егжей-тегжейі туралы ешнәрсе айтпады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп сәрсенбі күнгі коронавирусқа қатысты баспасөз отырысында Иранның коронавируспен күресуінің қазіргі жағдайы туралы сұраққа жауабы кезінде осы уәжді айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы да сәрсенбі күні: «Вашингтонның Теһранға қарсы санкциялары Иранға гуманитарлық көмек жіберуге тыйым салмайды»,- деді.

Әлемдегі коронавирус пандемиясы мен оған қарсы жан-жақты күрес жүргізу қажеттігіне қарамастан АҚШ «мейлінше қысым» көрсету саясатымен Иранға қарсы санкцияларын жалғастырумен бірге жаңадан санкция жариялап жатыр.

 

 

Тегтер

Сараптама