Сәу 09, 2020 21:30 Asia/Almaty
  • Сандерс АҚШ сайлау бәсекелестігінен шықты

Сенатор Берни Сандерс күтпеген жағдайда 2020 жылғы АҚШ президент сайлауына үміткер таныстыратын демократтардың сайлау бәсекелестігінен шықты.

Солшыл сенатор өз қолдаушыларына: «Жағдайды шынайы бағалап, қиын шешім қабылдадым. Сіздерге жақсырақ хабар бергім келгенімен, шындықты білесіздер. Іс жүзінде жеңіске жету мүмкін болмай кетті»,- деді.  Сандерс жақында өткен сайлау алдындағы бірқатар сәтсіздіктерге тоқталды. Онда бұрынғы вице-президент Джо Байден бірнеше штатта үсті үстіне жеңіске жетті. Болжамдар Сандерс ұлттық конвенциясы партиясының ішкі бәсекелестігі аяқталғанға дейін 1991 өкіл жинай алмайтынын көрсетті. Мұндай жағдайда Байден демократиялық «суперделегаттар» деп аталған партия басшыларының көмегімен партияның түпкілікті үміткері атануы және 2016 жылғы сайлаудағы тәртіпсіздіктер қайталануы мүмкін. Сандерстің бәсекелестігін тоқтатуы демократтар партиясының қолдауына ие үміткердің мүддесіне болып, 2020 жылғы сайлауда жеңіске жетуге кепілдік бермейді.  Дональд Трамп сияқты басқыншыл үміткерді жеңу   бәсекелес кандидат үшін, әсіресе жасы үлкен және денсаулығы нашар, қаржы жемқорлығымен айыпталған адам үшін қиын болып көрінеді. Алайда, АҚШ-тағы сайлау маусымымен бірге АҚШ-тағы коронавирустың таралуынан туындаған дағдарыстың тереңдеуі Трамптың қараша айындағы сайлауда жеңіледі деген үмітті арттырды. Егер коронавирус эпидемиясы Трамп болжағандай бірнеше жүз мың америкалықтың өліміне соқтырып, жұмыссыздық 20 пайыздан артып, экономикалық үдеріс тоқтаса, америкалық сайлаушы алдағы сайлауда дауысын Трамптың бәскелесіне береді. Бірақ басқа жақтан коронавирус таралуынан жағдай нашарлаған сайын АҚШ сайлаушылары қазіргі президентті сақтап қалуға келіседі деген пікірлер айтылуда. Осы екі болжамның қайсысы жеңетіні уақыт өтіп, президенттік ресми сайыстың басталуымен, ең бастысы АҚШ-тың коронавирус салдарынан көрген зардап мөлшерінің  анықталуымен байланысты болады.

 

 

 

Сараптама