Maм 13, 2020 19:43 Asia/Almaty
  • Қазақстандықтар АҚШ-пен қарым-қатынасты құптамайды

Британияның Open Democracy веб-сайты сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, Қазақстан тұрғындарының көбі АҚШ-пен байланысқа оң қабақ танытпайды.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Британияның Open Democracy веб-сайты сауалнамасының нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 49 пайызы елінің Ресеймен қазіргі қарым-қатынасы жағдайына ризашылық білдірсе, 26 пайызы Мәскеуге көбірек жақындағанды тілейді. Бұл сауалнама бойынша, қазақстандықтардың 24 пайызы Ресейді үлгі ретінде қабылдайды. Бұл ұйым соңғы 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан халқының АҚШ әрекеттерін қолдау деңгейі төмендегенін мәлімдеді. Мәселен, 2013 жылы қазақстандықтардың шамаман 37 пайызы АҚШ әрекеттерін қолдаған болса, бұл деңгей 2015 жылы 8 пайызға түсті. Сауалнамаға қатысқандардың 65 пайызы Қазақстан мен АҚШ қатынасының төмендеуін қолдады. Олар АҚШ-тың сыртқы саясатының, әсіресе ислам әлеміне күш көрсетуін, жыныстық тұрғыдан ауытқушылардың құқықтары мен мәдени империализмді қолдауын айыптайды.

 

 

Тегтер

Сараптама