Maм 14, 2020 18:45 Asia/Almaty
  • Коронавирус жағдайында Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық әріптестік жасау үдерісі талқыланды

Иранның Мәскеудегі елшісі мен Ресейдің Энергетика министрінің орынбасары коронавирус жағдайында екі елдің сауда-экономикалық әріптестік жасау үдерісін талқылады.

Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Жалали мен Ресейдің Энергетика министрінің орынбасары әрі екі елдің өзара ынтымақтастық комиссиясының ресейлік хатшысы Анатолий Тихонов сәрсенбі күні телефон арқылы сұхбатта екі ел жоғары басшыларының экономикалық әріптестікті жалғастыруға, әсіресе үкіметаралық ортақ жобаларды орындауға ерік-жігер танытып отырғанын айтты.

Иранның Мәскеудегі елшісі ИИР-ның қолға алынған жобаларды аяқтауға және екі елдің сауда-экономикалық қатынасын тереңдетіп, кеңейту үшін жаңа жобаларды ұсынуға дайын екенін еске салды.

Сонымен қатар, қос тарап коронавирустың таралуы мен оны бақылауға алу жағдайын ескере отырып, Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының жиналысын өткізу мерзімі жайлы кеңесуге келісті.

 

Тегтер

Сараптама