Maм 17, 2020 17:20 Asia/Almaty

АҚШ Президенті екі әйел тілшімен сөзге келіп қалған соң Ақ үйдегі баспасөз конференциясын аяқтамай, шығып кетті.

CBS агенттігінің қытайлық тілшісі Трамптан «Күн сайын көп адам көз жұмып жатқан шақта сіз неге бәсекелесуіңізді доғармай, коронавируспен күресте «АҚШ әлемнің басқа елдерінен жақсырақ әрекет етуде?» деп айтасыз» деп сұрағанда ол: «Бұл сауалды Қытайдан сұрау керек», - деп жауап берді.

Тілші: «Мен қытайлық болғаным үшін бұл сұрақты әдейі маған қойып отырсыз ба?» дегенде Трамп CNN телеарнасының тілшісіне нұсқап, келесі сұрақ қоюына ишара етті. Бірақ ол да «Әріптесімнің сауалы бітсін» деп тұрып алады.  

Мұны естіген Трамп ашуланып, баспасөз конференциясын аяқтамай, шығып кетті. 

 

Сараптама