Maм 22, 2020 21:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасында клирингтік тауар алмасу тәсілі талқыланды

Иран Президенті Хасан Рухани Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сұхбаттасып: «Клирингтік тауар алмасу жүйесі екі елдің сауда үдерісін нығайта алады. Иран осы механизмді екі ел арасында орнатуға әзір»,-деді.

Иран мен Қазақстан басшылары коронавирус таралған жағдайда АҚШ-тың заңсыз санкцияларының жалғасып жатқанын, санкциялардың халықтың өміріне тигізген теріс әсеріне тоқталып, санкцияларды жойып, тәжірибелермен алмасып, Ираннан желдеткіш, N-95 маскасы мен серологиялық тестерлер сияқты тауарларды экспорттау үшін көбірек әріптестік жасау қажеттігін қуаттады.

Рухани мен Тоқаев екі елдің тас және темір жол саласындағы әріптестігіне ризалық білдіріп, Каспий теңізі арқылы да сауда айналымын арттыруға дайын екенін және екі елдің жол және құрылыс министрлерінің осы тақырыпты қадағалауы қажет екенін айтты.

Иран Президенті тас және темір жол транзитіндегі және банкаралық әріптестіктегі кедергілерді жою, екі ел арасында іскерлік виза беруді жеңілдету келісімін қорытындылаудың маңыздылығына тоқталды.  

Рухани: «Екі елдің экономикалық қарым-қатынасы екіжақты деңгейде де, Еуразия экономикалық одағы аясында да өте жақсы болды. Коронавирус жағдайында және одан кейін санитарлық ережелерді сақтай отырып, екі елдің қарым-қатынасын одан ары дамыта алатынымызға үміттенемін»,-деді.

Иран мен Қазақстан басшылары, сондай-ақ, бір-бірін келе жатқан Ораза айтымен құттықтап, екі ел халқына бейбітшілік, тыныштық пен әл-ауқат тіледі.  

 

Тегтер

Сараптама