Maм 25, 2020 18:19 Asia/Almaty
  • Болтон: Иран бензинінің Венесуэлаға тасымалдануы алаңдаушылық  тудырады

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы кеңесшісі Болтон Иран бензинінің Венесуэлаға тасымалдануын Вашингтон үшін алаңдаушылық тудыратын жағдай деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джон Болтон сенбі күні кешке Твиттерде Теһран мен Каракастың заңды әріптестігіне алаңдаушылық білдіріп, Венесуэла Президенті Николас Мадуроның үкіметіне гуманитарлық көмек ретінде Ираннан бензин жіберілуінің АҚШ пен аймақ елдері үшін қатерлі екенін айтты.

Венесуэла АҚШ‑тың санкцияларына байланысты елді бензинмен қамтамасыз етуде қиыншылыққа ұшырап отыр. Иран осы тапшылықтың орнын толтыру үшін Венесуэлаға бес танкер бензин жіберді.

Венесуэла жастары өткен бірнеше күнде елдің бұрынғы басшысы Уго Чавестің кесенесі алдында Иранның туын желбіретіп, Теһранның шарасына алғыс білдірді.  

Тегтер

Сараптама