Maм 26, 2020 18:51 Asia/Almaty
  •  Боррель АҚШ-тың әлемді билейтін уақыты аяқталғанын мойындады

2017 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың АҚШ-тың жаңа президенті ретінде билік басына келуі АҚШ-тың біржақты саясатын жандандырды. Трамп «Бірінші – АҚШ!» деген ұранымен елінің мүдделері мен мақсаттарын басты орынға қоюымен бірге күш көрсету және өзімшіл саясаттары АҚШ-тың күш-қуатын арттырып, осы елді әлемдік көшбасшы еткені туралы уәж айтты. Бірақ бүгінде оның бұл уәждері шынайы күдік-күмәнмен бетпе-бет келді.

 

Бұл салада Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель дүйсенбі күні: «Сарапшылар біраздан бері АҚШ билеген жүйенің уақытының аяқталғаны және азиялық ғасырдың басталуы туралы айтып жатыр. Біраз уақыттан бұрын АҚШ күш-құдыретінің құлдырауы жөнінде болжам жасалды. Қазіргі кезде коронавирустың таралуы АҚШ билігінің көбірек жылдамдықпен құлдырауына соқтырды»,- деді. Әлемдегі үлкен өзгерістерге себеп болған коронавирус пандемиясы бұл үдерісті жылдамдатты. Қазіргі таңда Трамптың Америкасы экономикалық, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында бұрын-соңды болмаған дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселеге байланысты Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы COVID-19 вирусының пандемиясын күш теңгерімінің Батыстан Шығысқа ауысатын фактор ретінде қарастырып, Еуроодаққа қай жақта болатынын анықтауға қысымның артқанын мойындады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы ретінде АҚШ-тың құлдырауы туралы көтерген маңызды мәселенің ішкі және сыртқы тұрғылары бар.

Сыртқы саясат тұрғысынан Трамп біржақты саясатымен АҚШ мүдделері мен мақсаттарына басымдылық беруге қысым көрсетуде. Бұл мәселе АҚШ-тың әлемдік рейтингі мен әсерінің төмендеуіне себеп болды. Басқа жақтан Вашингтонның «жұмсақ күші» мен оқшаулануын жалғастырды. АҚШ Президенті халықаралық маңызды келісімдерден шығып, жан-жақтылыққа немқұрайдылық танытып, тек әлемдегі біржақтылықты көздеуде. Трамп үкіметі біріншіден, климат жөніндегі «Париж» келісімінен, содана соң «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты. Трамп үкіметі қаруды бақылау келісімнен шығуды өз жұмыс кестесінде қарастырып, осы кезге дейін орта қашықтықты ядролық күштер және «Ашық аспан» келісімінен шығып, SNV келісімн созудан бас тартуда. Трамп ЮНЕСКО мен БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шықты. Сондай-ақ, Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы мен АҚШ пен Еуропа арасындағы сауда шиеленісіне себеп болып, АҚШ-тың НАТО-дағы рөліне де күмән туды. Трамптың ұстанымы   Еуропа мен АҚШ арасындағы алауыздықтың, Атлант мұхитының екі жағындағы келіспеушіліктердің артуына соқтырды. АҚШ-тың біржақтылығын Ресей қатты сынады. Қытайдың пікірінше, Трамптың біржақтылығы әлемдегі сауда соғысына себеп болып, экономикалық дамудың бәсеңдеуі мен әртүрлі елдердегі экономикалық қиындықтарға жеткізеді.

 

 

Тегтер

Сараптама