Maм 28, 2020 18:48 Asia/Almaty
  • Помпео ядролық бейбіт әріптестікке жеңілдіктердің күшін жойғанын және екі ирандыққа санкция салынғанын хабарлады

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Помпео бейсенбі күні Твиттердегі жазбасында: «Бүгін Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты жобаларға салынған санкциялардан босатуды 60 күнге тоқтатамын. Иранның ядролық жұмыстарының үдетілуі әріптестікті тоқтатуға мәжбүрлеп отыр»,-деп жазды.

Ол басқа бір жазбасында: «Сондай-ақ, мен Иранның уран байыту бағдарламасына жетекшілік ететін екі адамға – Маджид Ағаи мен Амджад Сазгарға санкция саламын. Ирандық ғалымдарда екі таңдау жолы бар: бағдарлама аясынан тыс бейбіт жұмыстарын жалғастырады немесе санкция қатеріне ұшырайды»,-деді.

Осындай жағдайда «Вашингтон пост» газеті бірнеше сағат бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің Иранмен бейбіт ядролық ынтымақтастықтарға берілген жеңілдіктер мерзімін ұзартқысы келмейтінін хабарлады.      

Тегтер

Сараптама