Maм 29, 2020 18:42 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресі полицияның нәсілдік кемсітушілікпен кісі өлтіру әрекеттерін тексеруді сұрады

АҚШ Конгресі заңның кемсітушілікпен орындалуының қоғамдық сенімнен айыратыны туралы ескерту жасап, әсіресе соңғы күндердегі полицияның нәсілдік кемсітушілікпен кісі өлтіруін тексеруді талап етті.

Reuters ақпарат агентігінің мәліметінше, АҚШ Өкілдер Палатасының құқықтық комитеті бейсенбі күні елдің Әділет министрлігіне жолдаған хатында Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласындағы полицияның әрекеттерін тексеруді талап етті. Бұл хатта: «Африкалық-америкалық азаматтардың өлімдерінен кейін заңның кемсітушілікпен орындалуы  қоғамдық сенімнен айырылды»,- деп жазылған. АҚШ Өкілдер Палатасының құқықтық комитетінің басшысы Джеральд Надлер мен комитеттің бірқатар демократ мүшелері АҚШ Бас прокуроры Уильям Баррдан полицияның заңсыз әрекеттері мен ұқсас жайттарды тексеруді талап етті.  

 

 

Тегтер

Сараптама