Maм 29, 2020 20:51 Asia/Almaty
  • Үндістан Қытаймен шекара қайшылықтарын шешуіне АҚШ-тың арағайындық ұсынысына қарсылық білдірді

Үндістан Сыртқы істер министрлігі АҚШ Президентінің Дели мен Бейжің арасындағы шекара қайшылығын шешуге арағайындық жасау ұсынысын қабылдамады.

Үндістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі ақпарат отырысында: «Қытаймен шекаралық мәселені бейбіт түрде шешу үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сондықтан АҚШ-тың арағайындығы қажет емес. Үндістан шекара аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылғанын қалайды. Сөйте тұра өз жерін қорғайды»,- деді. Үндістан мен Қытайдың шекара қайшылығы ежелден келе жатқан мәселе. Өткен бірнеше аптада қайшылық артып, екі ел шекараларында ондаған мың әскери мен дамыған әскери техникасын орнатты. Осындай жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамп екі ел арасында арағайындық жасауға дайындығын жариялады. Бірақ Үндістан оны қабылдамады. Үндістанның Трамптың арағайындық білдіруіне қарсылық білдіруі жөнінде бірнеше жайтқа назар аударуға болады: біріншіден, Делидің пікірінше, Трамптың қалауы қайшылықты шешуден гөрі түрткі саналады. Үндістан Трамптың әртүрлі салаларда Қытаймен бетпе-бет келгенінен хабардар, сондықтан оның арағайындығының мақсатын қайшылықты шешу емес деп санайды. Негізінде Трамптың  ұсынысын қабылдау арағайындықтың негізіне, яғни «арағайынның» бейтарап болуына немқұрайдылық білдіру болады; екіншіден АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Элис Уэллс: «Вашингтон Үндістан мен Қытайдың қазіргі қайшылығында Делиді қолдайды»,-деп мәлімдеді. Бірақ АҚШ-тың өткен бір жылдағы Ауғанстан туралы шешімдері Дели басшыларының алаңдаушылығын тудырып, олар сан рет АҚШ-тың Ауғанстандағы қазіргі саясатының Үндістан мүддесіне қайшы келетінін қуаттады. Үндістан АҚШ-тың Оңтүстік Азияға қатысты шешімдерінде тек өз мүддесін ойлайды, тіпті одақтастарының мүддесімен санаспайды; үшіншіден, Кашмир мәселесі мен Үндістанның АҚШ-тың арағайындығына сан рет қарсылық білдіруі бұл елдің үшінші үкіметтің араласуына қарсы екенін көрсетті. АҚШ-тың Foreign Policy  журналы өткен аптада: ««Үндістан мен Қытай арасында үлкен соғыс басталуы мүмкін емес» деген  теорияның күші жойылып жатыр»,- деп жазды. Үндістанның Трамптың арағайындығын қабылдамауы аймақтағы Үндістан мен АҚШ-тың мақсаттарының айырмашылығын көрсетті. Америкалық саясаткерлер Үндістан мен Қытай қайшылығы бұл елдің гегемониялық мақсаттарын залалсыздандыруға көмектеседі деп санайды, бірақ Үндістан Қытаймен бәсекеге түсіп, өз мүддесін ойлады. Үндістан 1 миллиард 350 миллионнан астам халқымен әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытаймен тату және ынтымақтастық саясат жүргізуді қажет етеді. Үндістанның аймақтағы соңғы жылдардағы әрекеттері, әсіресе Қытаймен сауда қатынасын кеңейтуі бұл елдің АҚШ-тың талаптарына қарамастан ұлттық тәуелсіз саясатын ұстануы мен Қытай арасындағы қайшылықтарды азайтуды көздейтінін білдіреді.

 

 

Тегтер

Сараптама