Maм 30, 2020 20:12 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы наразылықтардың себептері мен сын қатерлері

АҚШ қаранәсілді азаматының полиция қолынан өлуіне байланысты реакциялармен бетпе-бет келіп, тағы дүрбелеңге түсті.

Өткен 4 күнде АҚШ әртүрлі қалаларында, Минниаполистен Нью-Йоркке, Атлантадан Хьюстонға, Милуокиден Лос-Анджелеске дейін кең ауқымды шерулер өтті. Кейбір қалаларда наразылар мен полиция арасындағы қақтығыстар адамдардың жарақат алуына себеп болып, кейбір қалаларда бүлік пен талан-тараж орын алды. Бұл күндері АҚШ-та болып жатқан оқиғалар қара нәсілді азамат Джордж Флойдтың ақ нәсілді полиция қызметкерінің тізесінің астында тұншығып өлуіне ғана ыза білдіру емес, АҚШ-тағы түрлі түсті нәсілділерге қарсы бірнеше ғасырлық теңсіздік пен нәсілшілдікке наразылық білдіру. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо: «Миннеаполистегі оқиғалар –  жеке оқиға емес, АҚШ-тағы «тұрақтанған әділетсіздік пен теңсіздік» кітабының бір бөлімі»,- деді.  Бұл кітап АҚШ құрылуынан бұрын үндістердің геноциді  және   британдық отарлардағы құл саудасынан басталып, 400 жыл бойы аз санды халықтарға  әртүрлі зұлымдық пен зорлық-зорлық көрсетумен жалғасты. Зорлық-зомбылық пен зұлымдыққа қарсы қоғамдық наразылықтар сайын  америкалықтар көшелерге шығып, қолайсыз жағдайды біржолата өзгертуге тырысады. Бірақ қауіпсіздік күштерінің басып-жаншуларымен бетпе-бет келуі және кейбіреулердің талан-тараж бен тәртіп бұзуымен АҚШ халқының әлеуметтік сұраныстары нәтижеге жетпейді. Соңғы жылдары тәуелсіз ақпарат құралдарының дамуы және азаматтық тілшілердің белсенділігі ақпаратты кеңінен тарату үшін мүмкіндік пен наразылар арасындағы бірлікті арттыру үшін жағдай тудырды. Осыған байанысты «қара нәсілділердің өмірі құнды» деп аталған наразылық ағымы америкалық азаматтар арасында кеңейді. Бұл ағым кейбір саяси жағдайды, соның ішінде қара нәсілділердің президент секілді маңызды міндеттерге ие болу және өздері бетпе-бет келіп отырған кедейлік, теңсіздік пен кемсітушілік проблемаларын шешуге талпынуда. Бұл мақсат маңызды. Өйткені ғасырлар бойғы жүргізілген құлдық пен нәсілдік  саясаты елдің төменгі әлеуметтік таптары арасында нәсілдік мәдениетті таратқан. АҚШ халқы арасындағы нәсілдік мәдениеті өзгермей, нәсілшіл полициялардың қара нәсілділерді өлтіруінің алдын алу мүмкін емес. Қалай болғанда да АҚШ-тағы нәсілдік мәселесінің шешілмеуі бұл елді коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық жағдайды шынайы қатерге тіреген саяси-қоғамдық тынышсыздықтарға душар етуі мүмкін.

 

Тегтер

Сараптама