Maм 31, 2020 16:48 Asia/Almaty

АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан, Иран Венесуэлаға бензин жібергеннен кейін Бразилияда тұратын венесуэлалықтар ИИР-ға көмегі үшін алғыс айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бразилияда тұратын венесуэлалықтардың бір тобы Бразилиа қаласындағы Иран елшілігінің алдына жиналып: «Аман бол, Иран!», «Солейманиге құрмет!», «Чавеске ізет!», «Фидельге рахмет!» деген ұрандармен ИИР-ның өз елдеріне көмектескеніне алғыс айтты.

Иран АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан, бензин тиеген 5 танкерді Гибралтар бұғазы мен халықаралық сулар арқылы Венесуэлаға жіберді.

 

 

Сараптама