Маусым 01, 2020 16:11 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы наразыларды басып-жаншу қажеттігін баса айтты

АҚШ-та түрлі түстілер, әсіресе қара нәсілділерге қарсы қатігездік пен нәсілдік кемсітушілік бұл елдің тарихымен бір мезгілде басталған. Қара нәсілділердің өз құқықтарын қорғау жолындағы ауқымды күрестеріне қарамастан, олар әлі күнге дейін әсіресе АҚШ полициясы тарапынан түрлі кемсітушіліктер мен қатігездіктердің құрбаны болып келеді.

Осы мәселе бойынша жуырдағы оқиға 25 мамырда Миннесота штатының Миннеаполис қаласында болды. АҚШ полициясының офицері Дерек Шовин қара нәсілді Джордж Флойдты қатігездікпен өлтірді.  Бұл АҚШ-тың түкпір‑түкпірінде қоғамдық құрылыстағы нәсілшілдікті айыптауға бағытталған бұрын‑соңды болмаған ауқымды наразылықтың туындауына себеп болды.

АҚШ-тың ашулы азаматтары Трамптың қоқан-лоққылары мен штат басшыларының ескертулеріне қарамастан, соңғы бірнеше күнде нәсілшілдік пен Джордж Флойдтың өлтірілуіне наразылық ретінде АҚШ-тың түрлі жерлерінде ауқымды шерулер өткізді.  Кейбір қалаларда шерулер қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа, тіпті АҚШ-тың 25 қаласында төтенше жағдай жарияланып, жүріп-тұруға тыйым салынуға әкеліп соқтырды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп қақтығыстарға ұласып, үлкен шығынға ұшыратқан наразылықтарға реакциясында наразыларды басып-жаншу қажеттігін баса айтты. Өзі де түрлі түстілерге қарсы нәсілшіл қатынас ұстанады деп айыпталып отырған АҚШ Президенті осы елдің қала мэрлері мен басшылардан наразылықтарға қатаң қарсы тұрып, ұлттық гвардиядан наразыларды басып-жаншуды талап етті. Трамп, сондай-ақ, наразыларды адамдар мен мемлекеттің мүлкіне шабуыл жасайтын «бүлікшілер» деп атап, жеке және қоғамдық мүлікке қол сұққан адамдарды ұзақ мерзімге қамауға үкім шығарылуын талап етті. Трамп штат басшылары осы салада өз міндеттерін атқармаған жағдайда тиісті шара, соның ішінде әскери күш қолдануға мәжбүр болатынын айтып, қоқан-лоққы жасады. АҚШ Президенті осыдан бұрын да Твиттерде бірнеше жолдау жариялап, елдің ұлттық гвардиясының Миннеаполис қаласындағы наразыларға қарсы қатігездігін қолдайтынын, осы күшті басқа штаттар мен қалаларда наразыларды басып-жаншуға қолданатынын ескертті. Трамп: «Ұлттық гвардияны Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласына бара сала атқарған істерімен құттықтаймын. Фашизмге қарсы қозғалыстың солшыл бүлікшілері мен басқалар тез арада басып-жаншылды. Бұл іс бірінші күні кешке қала әкімшілігі тарапынан атқарылуы тиіс болатын. Сонда ешқандай қиындық туындамайтын еді»,-деп жазды. Осылайша Трамп полиция және қауіпсіздік  күштеріне наразыларды басып-жаншуға рұқсат берді. Бұл мәселенің қақтығыстардың ушығып, ықтималды шығындардың артуына әкеліп соқтыратыны анық.

Осындай жағдайда Трамп үкіметінің нәсілшілдікке наразыларды басып-жаншудағы қатынасын өзгерту ықтималы өте төмен. Сондықтан қақтығыстар осы елдің түрлі қалаларына таралуы әбден мүмкін.  Көңіл аударатын жайт, басқа елдердің халықтары да америкалық наразыларға тілеулестік білдіріп, АҚШ-тағы түрлі түстілерге қарсы қатігездік пен нәсілшілдікті айыптап, шерулер өткізіп жатыр.    

 

   

Тегтер

Сараптама