Маусым 01, 2020 16:51 Asia/Almaty
  • Үндістан елшілігінің жетекшісі Пәкістан СІМ-не шақырылды

Пәкістан СІМ Үндістан үкіметінің екі пәкістандық дипломатты елден шығару шешіміне наразылық білдіріп, Исламабадтағы Үндістан елшілігінің жетекшісін шақыртты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Исламабадтан хабарлауынша, Пәкістан СІМ ақпарат хатшысы Аиша Фаруғи дүйсенбі күні: «Исламабад осы үнді дипломатын шақырту арқылы оған Пәкістанның наразылығын жариялады. Үндістанның бұл ісі – Нью-Делидің Исламабадқа қарсы ұйымдастырып отырған теріс жарнаманың жалғасы. Үндістанның дипломатиядан тыс осындай ақлақсыз әрекеттерінің жағымсыз салдары болады»,-деп қуаттады.

Үндістан СІМ жексенбі күні екі пәкістандық дипломатты Исламабад үшін тыңшылық жасаумен айналысты деген айыппен өз жерінен шығарды.

Үндістан пен Пәкістан бір-бірін «Дипломаттар тыңшылық жасайды; Кашмирдің бақылау сызығында бір-бірінің позицияларына шабуыл жасайды; атысты тоқтату бітімін бұзады; лаңкестікпен айналысады» деп айыптап отыр.

 

Сараптама