Маусым 03, 2020 17:44 Asia/Almaty
  • Уақыт өткен сайын мұсылмандар имам Хомейнидің маңызын көбірек түсінеді

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейниді әлемнің түкпір-түкпіріндегі Ислам бірлігінің ту ұстаушысы деп атады.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы сейсенбі күні ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуына орай жасаған мәлімдемесінде: «Имам Хомейни бірлікті жаңа ислам өркениетінің негізі деп атап, түйткілге толы заманда мұсылмандар арасында қырағы болуды қайта таратуға тырысты»,-деді.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясы ислам үмбетінің имам Хомейниден бірнеше онжылдық өткеннен кейін исламдық бірлікке қажеттілікті тереңірек сезініп отырғанын айтып: «Уақыт өткен сайын мұсылмандар имам Хомейнидің маңызын көбірек түсініп, оның ойларының тереңдігін көбірек ұғынады. Марқұм имамды ислам бірлігінің ту ұстаушысы санайды»,-деп қуаттады.

 

Тегтер

Сараптама