Маусым 03, 2020 19:29 Asia/Almaty
  • Гутерриш АҚШ үкіметін нәсілшілдікке наразыларға қатысты ұстамдылыққа шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Твиттердегі парақшасында: «БҰҰ-ның резиденциясы орналасқан елдің қалаларының көшелерінде қатігездіктерді көру жүректі ауыртып, көңілді қалдырады»,-деп жазды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Антониу Гутерриш Твиттердегі парақшасында «Нәсілшілдік – ешкім қабылдамауы тиіс жиіркенішті іс» деген сурет жариялап: «Арыз-шағымдар бейбіт түрде айтылып, тыңдалуы керек»,-деп жазды.  

Ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес,  өткен бір аптада  АҚШ-тағы нәсілшілдік қарсы наразылықтарда кемінде 13 адам қаза тауып, 9300-ден аса адам қамауға алынды.

Джордж Флойдтың өліміне наразылықтардың күшеюі АҚШ-тың бірнеше қаласында төтенше жағдай жарияланып, жүріс-тұрысқа тыйым салынуға себеп болды.

Өткен бірнеше күнде АҚШ-та болған наразылықтарда жүздеген адам, соның ішінде бірнеше журналист жараланып, қамауға алынды.

 

 

Сараптама