Маусым 05, 2020 20:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпыныс жасап жатыр

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының маңызды баптарының бірі осы келісім орындалғаннан 5 жыл өткен соң Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының күшін жою болды. 2020 жылдың қазан айында бұл санкция аяқталатынын ескеріп, АҚШ мұның алдын алу үшін бар күшін салып жатыр.

АҚШ үкіметінің Иран істері жөніндегі өкілі Брайан Хук бейсенбі күні осы ел үкіметінің өзінің аймақтық одақтастарымен Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту мақсатында қарардың алғынұсқасын дайындау туралы кеңес өткізіп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі басқа мүшелердің қолдауына ие болу үшін де кеңес жүріп жатыр. Хук, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықтан АҚШ-тың санкцияларды ұзартуға талпыныстарын қолдауды сұрап: «АҚШ-тың талпыныстары нәтиже бермей, Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы 2020 жылдың қазан айында тоқтатылатын болса, Вашингтон БҰҰ-ның Иранға қарсы барлық санкцияларын қайта салу үшін ядролық келісімде «Моше механизмін» пайдалануға дайын. Біз санкциялар ұзартылуы керек деп ойлаймыз. Біз барлық санкцияны қайтару құқығына иеміз. Әрине, біз мұны қаламаймыз. Аталмыш санкциялардың күшін жоюға рұқсат беру бәріміз үшін жаман болмақ»,-деді.

2015 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары бекітілгеннен кейін 7 әскери қару, соның ішінде танк, сауытты көлік, артиллериялық жабдықтар, қырғи ұшақ, тік ұшақ пен зымыранды Иранға сатуға тыйым салынды. Иранға осындай қаруларды кіргізуге қатысты қазіргі шектеулер 2020 жылдың 18 қазанында аяқталады, алайда АҚШ бар күшімен оны ұзартуға талпынып жатыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпыныс жасап жатқанына тоқталып: «Иранға ядролық қаруға қол жеткізуге рұқсат бермейміз»,-деп уәж айтты.  

АҚШ Иранға «барынша қысым» саясатын ілгерілету мақсатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы бір тармақ, яғни «Моше механизміне» сүйеніп, Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпыныс жасап жатыр. АҚШ 2018 жылдың мамыр айында бұл келісімнен шыққаннан кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тараптарының бірі саналмайды және Иранға қарсы санкцияларды ұзарту үшін осы келісімнің тармақтарын пайдалана алмайды.  

«4+1» тобының Батыс мүшелері, яғни Еуроодақ пен еуропалық үштік (Германия, Франция мен Ұлыбритания) да Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының жойылу салдарларына алаңдау тұрғысынан АҚШ-пен үндес болып отырғанына қарамастан, Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүшелігінің жалғасып жатқаны туралы уәждеріне күмән келдірді.  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель бір ай бұрын берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: «Бұл ел аталмыш келісімнің мүшесі саналмайды»,-деді. Сол себепті Брайан Хуктың уәждеріне керісінше «4+1» тобының Шығыс мүшелері, яғни Ресей мен Қытайдың айқын қарсылығы және Батыс мүшелерінің, яғни еуропалықтардың АҚШ-тың дәлеліне теріс ұстаным білдіруі Вашингтонның Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту саласында өзінің заңсыз талап-тілектерін орындау жолы қиын болатынын көрсетеді.

 

Тегтер

Сараптама