Маусым 10, 2020 22:31 Asia/Almaty
  • Боррель АҚШ «Ортақ қадам» бағдарламасынан шыққаннан кейін Трамп үкіметі уәждерінің негізсіз екенін қуаттады

АҚШ Президенті Дональд Трамп ядролық мәселе жөніндегі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сынаушылардың бірі болып, 2018 жылдың 8 мамырында АҚШ-ты келісімнен шығарды. Бірақ Вашингтон мұрсатты пайдалану ұстанымының негіздеріне сәйкес, қажет уақытта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы құқықтары туралы уәжденеді.

Бұл мәселе «4+1» тобының қарсылығымен бетпе-бет келді.  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель сейсенбі күні АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанын еске салып, Вашингтонның бұрынғы мүшелік құқығын Иранға қарсы қару санкцияларын ұзарту үшін қолдана алмайтынын мәлімдеді. Боррель Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесуінен кейін: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында АҚШ-тың ешқандай құқығы жоқ»,- деді.  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының Трамп үкіметінің Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында баяндалған құқықтарына ие болуы туралы уәждерімен әшкере қарсыласуы тіпті АҚШ-тың еуропалық серіктестерінің америкалық басшылардың дәлелдерін негізсіз деп санайтынын көрсетеді. Боррель: «АҚШ 2018 жылдың мамырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуымен бірге «Ортақ қадам» комиссиясының келісімге байланысты ешбір отырысына қатыспады»,- деп мәлімдеді. Трамп үкіметі болса, «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мүшелерінің бірі», - деп уәжденіп, келісімде көрсетілген механизмдерді Иранға қарсы қару санкцияларын ұзарту үшін қолдана алады деп санайды.

АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында аталмыш келісімнен шықты. Сондықтан оған қатысушы тараптардың бірі емес және оның баптарын Иранға қарсы санкцияларын ұзартуға пайдалана алмайды. Келесі кезеңде Трамп үкіметі №2231 қарарда елінің аталғанына байланысты мүшелік заңды құқыққа ие екенін мәлімдеді. Трамп үкіметінің Иранның қару-жарағына тыйым салу мерзімін ұзарту жөніндегі қазіргі стратегиясы – Қауіпсіздік Кеңесіне Вашингтонның заңсыз талаптарын орындауға қысым жасау. Иран істері жөніндегі АҚШ өкілі Брайан Хук қазан айында Иранның қару-жарағына санкция салу келісімнің аяқталатынына алаңдаушылық білдіріп, Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының уақытын ұзартпаса, Вашингтонның өз құқығын пайдаланатынын жариялады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның қару-жарағына тыйым салу санкциясын жоюды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негізгі қателігі санап, Вашингтонның Қауіпсіздік кеңесінде бұл санкцияларды ұзартуға әрекет жасайтынын хабарлады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельдің ұстанымынан кейін Вашингтон еуропалық одақтастары «Иранның ядролық келісіміне қатысты дауды шешу механизмінің» артықшылықтарын пайдалануға келісті деп айта алмайды.

 

 

Тегтер

Сараптама