Шіл 03, 2020 17:44 Asia/Almaty
  • Ресей ультрадыбыстық зымырандармен күресуге дайындалып жатыр

Ресей Әуе-ғарыш күштері қолбасшыларының бірі С-500 жүйенің ультрадыбыстық зымырандарды анықтап, оларды жойып жіберу мүмкіндікке ие екендерін мәлімдеді.

Sputnik ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Әуе-ғарыш күштері қолбасшысы Сергей Суровикин: «С-500 жүйе аэродинамикалық және баллистикалық нысандардан басқа, кез-келген түрдегі ультрадыбыстық қаруды оңай анықтап,  жойып жіберу қабілетке ие. Қазіргі кезде әлемде С-500 жүйесіне ұқсас жүйе жоқ. С-500 техникалық көрсеткіштері оны бірінші буын ғарыш-қорғаныс жүйесіне айналдырды»,- деді.

С-500 – орта қашықтық және құрлықаралық баллистикалық зымырандарға қарсы тұратын алыс қашықтық қорғаныс жүйе. Ресей Қорғаныс министрлігінің айтуынша, бұл қорғаныс жүйе 2019 жылы әуе-қорғаныс күштерімен сынақтан өткізілді және болжамдар бойынша 2021 жылы Ресей армиясына тапсырылады.

 

Тегтер

Сараптама