Шіл 14, 2020 14:24 Asia/Almaty

Сан-Диегодағы Washington Post тілшісі жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі күні таңертең АҚШ теңіз күштері қолбасшыларының сөздеріне сілтеме жасап, USS Bonhomme Richards кемесіндегі өртте жарақат алғандар санының 57 адамға жеткенін хабарлады.

 

АҚШ теңіз күштері қолбасшылары бұл елдің ақпарат құралдарына теңізшілердің көбінің түтінге тұншығу және жылу соққысынан жарақат алып, ауруханаларға жеткізілгенін және жарақаттары жеңіл болып, ауруханадан шыққандарын мәлімдеді. Олардың айтуынша, жарақат алған 5 адам ауруханада жатыр. АҚШ теңіз күштеріндегі хабардар көздердің мәліметінше, USS Bonhomme Richards кемесіндегі өрт бірнеше күнге жалғасуы мүмкін.

 

Тегтер

Сараптама