Шіл 14, 2020 15:39 Asia/Almaty
  • Әзірбайжанның бұрынғы қорғаныс министрі қамауға алынды

Әзірбайжан мен Армения әскерилерінің арасындағы Тартар шекара аймағындағы 4 әзірбайжандық әскеридің өліміне әкелген қақтығыстардан және Ильхам Әлиев үкіметіне қарсы сынаулар күшейгеннен кейін Әзірбайжанның қауіпсіздік қызметі бұл елдің бұрынғы қорғаныс министрі Рахим Ғазиевті тұтқындады. Әзірбайжанның бұрынғы қорғаныс министрі жалған ақпарат тарату, қоғамдық пікірді азғыру және ұлттық қауіпсіздікке қиянат жасауымен айыпталды.

 

Әзірбайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, елдің бұрынғы қорғаныс министрі үкіметті әлеуметтік желілер арқылы армия мен әлсірету, жағдайды мақсатына жету үшін пайдаланып, халық арасында қарулы күштерге сенімсіздік тудыру, үкіметке қарсы көшедегі тәртіпсіздіктерге шақыру, жалған ақпарат тарату мен мәлімдеме жариялау арқылы Қорғаныс министрлігін әлсірету және қазіргі жағдайда билікті басып алуға талпынды. Бұл айыптаулар бойынша ол Әзірбайжан   Сот кодексінің 281-бабы бойынша сатқындық жасағаны үшін қамауға алынды. Әзірбайжан билігінің қарсыластары  үкімет    Рахим Ғазиевті тұтқындау арқылы өзінің біліксіздігін жасыруға тырысуда деп жариялап, Қорғаныс министрлігін жұмысын дұрыс атқармауымен  айыптады.

 

Сараптама