Шіл 17, 2020 20:14 Asia/Almaty
  • Ақпаратпен алмасу ынтымақтастықтардың тоқтатылуымен Еуропа мен АҚШ-тың арасындағы қайшылықтар артты

Еуропалық әділет соты (ECJ) бейсенбі, 16 шілдеде бұл одақ пен АҚШ арасындағы жеке деректерді Еуропадан тыс жерге беру келісімінің күшін жойды. Еуропалық әділет соты бұл шешімін АҚШ-та жеке деректердің қажетті қорғалмауына алаңдаушылық білдіріп қабылдады.

 

Еуропалық әділет соты белгілеген стандарттарға GDPR «Деректерді қорғаудың жалпы ережелері» жиынтығы кіреді, IT-алыптар бұл ережелерді әлеуметтік желілер арқылы жеке ақпаратпен алмасу алаңын құру кезінде сақтауға міндетті. Еуропалық сот АҚШ-тың ішкі заңнамасын қайта қарау үкіметтің және кейбір компаниялардың ЕО стандарттарын сақтамағанын көрсетті. Бұл іс АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әшкерелеулеріне байланысты болды. Сноуденнің айтуынша, АҚШ үкіметі жеке адамның мәліметтерін пайдаланады, сөйтіп Facebook арқылы ЕО тұрғындарының жеке мәліметтеріне қол жеткізе алады. АҚШ басшыларын ашуландырған Сноуденнің мәліметтеріне сәйкес, көптеген интернет компаниялары, соның ішінде Facebook, Google, Microsoft, Apple, AOL, Skype немесе Yahoo АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің Prism барлау бағдарламасын қолдануға мәжбүр болды. Еуропа мен АҚШ арасындағы   коммерциялық, қаржылық, мәдени және әлеуметтік байланыстарға сәйкес ақпарат алмасу Еуропа мен АҚШ көптеген компаниялар қызметінің маңызды бөлігі саналады. Еуропа мен АҚШ арасындағы safe harbor деп аталатын  келісім 2000 жылдан бастап АҚШ пен Еуроодақ арасында Google, Facebook және Apple сияқты компанияларға ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік беріп келеді.  Келісім Атлант мұхиытының екі жағындағы 4000-нан астам американдық және еуропалық компанияларға   ақпараттарды арнайы рәсімдерсіз жіберуге мүмкіндік берді.  Эдвард Сноуденнің 2013 жылғы әшкерелеулері АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің өз   мен басқа елдердің азаматтары, соның ішінде ЕО азаматтары туралы ақпаратты қадағалап, бақылап отырғанын көрсетті. Бұл әшекерлеулер австриялық студент Марк Шремсті Facebook-тің еуропалық пайдаланушыларының деректерін АҚШ-ағы серверлерге тапсыруына және АҚШ қауіпсіздік қызметтерін дағдарысқа тіреуіне себеп болды. Facebook штаб-пәтері Ирландияда болғандықтан, шағым Ирландияның ақпаратты қорғау жөніндегі комиссарына түсірілді. Содан соң бұл іс Люксембургтегі Еуроодақ жоғары сотына жетіп, тарихи шешімнің қабылдануына әкелді.  Еуроодақтың ең жоғары соты ретінде бұл сот 2015 жылдың 6 қазанда safe harbor (қауіпісіз айлақ) келісімді жеке өмірді бұзуға байланысты жарамсыз деп тауып: «Бұл келісім әлеуметтік желілері қолданушыларын тиісті деңгейде қорғай алмайды»,- деп жариялады. Осыған орай бұл сот Еуропа мен АҚШ арасындағы мәліметтермен алмасу келісімнің күшін жоюға дауыс берді. Еуроодақтың құпиялылық туралы заңы азаматтардың жеке өмір туралы мәліметтердің Одақ стандарттарына сай жеткілікті деңгейде қорғалатын жерден басқа, Одақ шекараларының сыртына жіберілуіне тыйым салады.

   

 

Тегтер

Сараптама