Шіл 23, 2020 16:52 Asia/Almaty
  • Шамхани Трампқа қайтарылатын кектің ауыр болатынын айтты

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың осы ел армиясының сардар Қасым Солеймани мен Абу Махди әл Мохандеске жасалған террордағы рөлін мойындағанын еске салып: «Иран мен Ирак халықтары осы екі шәһид қанының кегін қайтарады. Террор жасаушыларды жазаламайынша тоқтамайды», деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл‑Каземимен кездесуінде АҚШ‑тың қарсыласу қозғалысының сардарларына террор жасаудағы қылмысын америкалықтардың аймақта болуының салдары деп атап: «ИИР бұл мәселені ұмытпайды және америкалықтарға қарымта соққы береді»,‑деп қуаттады.

 

Тегтер

Сараптама