Там 03, 2020 18:59 Asia/Almaty
  • Нью-Йоркте Нетаньяхуға қарсы шеру өтті

Нью-Йорк қаласында тұратын еврейлер басып алынған Палестина жерінде сионистік режим Премьер-министріне қарсы өтіп жатқан наразылықтарды қолдау мақсатында шеру өткізді.

«Гаарец» сионистік газетінің хабарлауынша, Нью-Йоркте тұратын еврейлердің бір тобы Манхеттен ауданының «Вашингтон» алаңында жиналып, сионистік режим  Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы ұрандатып, оның отставкаға кетуін талап етті.

Беньямин Нетаньяхудың әлсіз жұмысы мен жемқорлық ісіне қарсы ауқымды наразылықтардың АҚШ-та таралғанына бірнеше күн болды. Алдымен Сан-Францискода, ал енді Нью-Йоркте осындай наразылықтардың куәсі болып отырмыз.

Жұма күні ондаған адам Сан-Францискодағы Golden Fate көпіріне жақын жерде жиналып, Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.

 

Сараптама