Там 03, 2020 23:06 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иран мен Қытай қарым-қатынасын бұзу үшін жасап жатқан талпыныстары – бос әурешілік

АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде Иран мен Қытайға қысымдарды арттыру саясатын ұстанып отыр. Қазір Теһран мен Бейжің келісімін қорытындылау жақындаған сайын Вашингтон басшыларының алаңдаушылығы артты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонның Иран мен Қытай арасындағы стратегиялық келісімге алаңдаушылықтан туындаған сөздерінде: «Теһранға қарсы қабылданған санкциялар Бейжіңге де салынуы керек»,-деді.

Помпео жексенбі күні кешке Fox News ақпарат арнасына берген сұхбатында Иран мен Қытайдың 25 жылдық стратегиялық келісімі туралы сұраққа жауабында: «Біз ИИР-ға қарсы барлық санкцияларды Қытайдың Коммунистік партиясы, мемлекеттік органдары мен компанияларына да салатын боламыз. Қытайдың Иранмен стратегиялық әріптестігі Батыс Азияның тұрақсыздануына себеп болып, сионистік режим, Сауд Арабиясы мен БАӘ-не қатер төндіреді»,-деді.

Трамп үкіметі өз стратегиясында әрдайым Иран мен Қытайға қарсы теріс ұстаным қабылдап келді АҚШ-тың 2017 жылғы желтоқсан айында жарияланған Ұлттық стратегиялық қауіпсіздік құжатында Қытайды АҚШ-тың қаржы және қауіпсіздік  мүдделеріне соққы беруді көздейтін халықаралық құдірет деп атап, оның АҚШ-тың күш-қуаты, ықпалы мен мүдделерін түйткілге ұшыратып отырғанын айтты. АҚШ  Дональд Трамптың билігі кезінде әртүрлі салаларда Қытаймен текетіресуді күшейтіп, тек сауда-экономикалық салада Бейжіңге өз талап-тілектерін таңумен шектеліп қана қойған жоқ, адам құқығының сақталуын сылтауратып осы елдің ішкі істеріне, соның ішінде Гонконг пен Шыңжаң істеріне араласа бастады.

Мұнымен қоса, АҚШ өзінің үстемшіл болмысына байланысты ИИР жүйесімен баяғыдан жауласып келеді, өткен 42 жылда түрлі қастандықтар жасап, Иранға қарсы ауқымды санкциялар  салу арқылы әрдайым ИИР үкіметін әлсіретіп, құлатуға күш салып келеді. Бұл талпыныстар Дональд Трамптың билігі кезінде  АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға барынша қысым жасау саясаты аясында жүзеге асырылды.

Бүгінде Вашингтонның жауластық шаралары мен қысымдарына ұшырап отырған Иран мен Қытай стратегиялық келісім аясында екі елдің қарым-қатынасын жан-жақты дамытуды мақсат тұтып отыр. Бұл келісімнің баптарын орындау, соның ішінде сауда-экономикалық салалардағы әріптестікті дамыту  Вашингтонның Иранға қарсы қысымдарын азайтатыны анық. Калифорния университетінің ұстазы Рони Липшотс Иран мен Қытай келісімін АҚШ гегемониясына түйткіл деп атап: «АҚШ пен Қытай қарым-қатынасының ушыққанын ескере отырып, бұл келісім Бейжіңнің аймақтағы ықпалын арттырады»,-деп қуаттады.

The New York Times газеті Теһран-Бейжіңнің 25 жылдық келісімінің егжей-тегжейіне тоқталып: «Бұл келісім Қытайдың Батыс Азиядағы ықпалын күшейтіп, АҚШ-тың санкциялары алдында Иран экономикасының күш-қуатын арттырады»,-деп жазды.

Тегтер

Сараптама