Там 04, 2020 21:04 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың үстемшіл жүйесі – әлемдегі ең жиренішті режим

АҚШ-тың үстемшіл жүйесі – әлем елдері арасында жиреніштің ең жоғары дәрежесіне жеткен режим.

Иран Сот органының басшысы сейіт Ибрахим Раиси дүйсенбі күні елдің сот басшыларының жоғары кеңесінің жиналысында үстемшіл жүйенің Иранға түйткіл тудыру мақсатындағы әрекеттеріне тоқталып: «Ұзақ жылдар бойы әлемде адам құқығын бұзып, әділетсіздік жасап келген америкалықтардың өздері қазір тығырыққа тіреліп отыр, бірақ әлі де әлемнің еркін елдеріне қарсы жауластық қатынасын жалғастырып келеді»,-деді.

Ауғанстан, Ирак пен Йеменде ұзақ жылдарға созылған соғыс, АҚШ қолдап отырған бала өлтіргіш режимнің Палестинаға басқыншылығы және АҚШ-тың қорғансыз халықтарға көрсетіп отырған зұлымдығы әлемге үстемдік ететін жүйенің адам құқығын ауқымды түрде бұзып отырғанын көрсететін айқын дәлелдер болып табылады.  Соңғы ғасырларда ең ірі зұлымдық Палестинада орын алды. Осы ащы оқиғада жерге ғана емес, бір ұлттың болмысына қол сұғылды. Жалпы Батыс елдерінің адам құқығы туралы көзқарасында екіжүзділік бар.  

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қажылық күндеріне байланысты жасаған баяндамасының бір бөлігінде АҚШ-тың адамзатқа қарсы қатынасы мен мақсаттарының қыр-сырын түсіндіріп: «АҚШ-тың әлсіз ұлттарға қатынасы – қорғансыз қара нәсілдінің мойнын тізесімен басып, өлгенше қысқан әлгі полиция қызметкерінің қатынасының үлкейтілген нұсқасы»,-деді.

Ақ үй басшыларының адамзатқа қарсы қатынасы қазір АҚШ көшелеріндегі халықтың наразы үнінен әшкере болып отыр.

АҚШ, сондай-ақ, коронавирустың таралуынан туындаған ауыр кезеңде дәрі-дәрмекке санкция салып, Иран халқының тұрмысын қиындатқысы келді. Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын АҚШ пен кейбір еуропалық елдер таңылған соғыс кезінде Саддам режиміне Иранға химиялық шабуылдар жасасын деп жарақтап, қолдау көрсетті. Осы қолдаулардың салдарынан Иранда 100 мыңнан аса адам Батыс сыйлаған химиялық қарулардың құрбаны болды.

АҚШ пен кейбір еуропалық елдер мыңдаған жазықсыз адамды өлтірген «Мұнафықтар» лаңкестік тобы мен басқа да лаңкестік топтарды қолдады. АҚШ өзінің адам құқығы тарихында Гуантанамо және Абу-Грейб түрмелеріндегі қылмыстарға байланысты өшпес қара даққа ие. Осы елдер өздерін адам құқығын қорғаушымыз деп таныстырғанымен,  адам құқығын бұзушы ең үлкен елдер болып табылады. Сондықтан бұл салада жауапкершілікке тартылулары керек. АҚШ пен Еуропаның адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтуы – қазіргі заманның ащы саяси мазағы. Өйткені олардың өздері – адам құқығын бұзушылардың шынайы символдары.   

Сараптама