Там 06, 2020 17:53 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қазақстан шекарасында мигранттар тәртіп күштерімен қақтығысып қалды

Орта Азия елдерінен шыққан бірқатар еңбек мигранты Ресей мен Қазақстан шекарасында ресейлік тәртіп күштерімен қақтығысып қалды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Волга ауданының басшылары Орта Азия елдерінен шыққан бірқатар еңбек мигрантының  ресейлік тәртіп күштерімен қақтығысының Самара облысындағы Ресей мен Қазақстан шекарасында орын алғанын хабарлады.  Әрине қақтығыс ұлттық гвардия күштерінің араласуынсыз тез арада шешілді.

Әлеуметтік желілерде таралған видеоға сәйкес, коронавирустың таралуына байланысты шекараның жабық болуы салдарынан ұзақ уақыт бойы уақытша қосында жатқан Орта Азия елдерінен шыққан бірқатар еңбек мигранты шекараны кесіп өтпек болған.

Ресей мен Қазақстан шекарасындағы Орынбор облысының басшылары осы видео таралғаннан кейін Орынбор мен Самара облыстарында жиналған Қырғызстан мен Өзбекстанның 3500 адамын елдеріне жіберу үдерісінің басталғанын хабарлады.   

Тегтер

Сараптама