Там 08, 2020 15:12 Asia/Almaty
  • Ғадир Хом мерекесі құтты болсын!

Бүгін, сенбі х.қ.ж.с.б. 1441 жылдың зихадже айының 18 жұлдызы, сәйкесінше 2020 жылдың 8 тамызы мұсылмандардың ұлы мейрамдарының бірі – Ғадир Хом мерекесі.

Ғадир Хом – Мекке мен Мединаның арасындағы жердің атауы. Исламның Ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) соңғы қажылығында әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлиді (ғ.) өзінен кейінгі «уәли» (орынбасар) деп жариялаған.

Исламның Ұлық пайғамбары соңғы қажылықтан қайтып келе жатып, осы рәсімге қатысқан мұсылмандарды Ғадир Хом төбесіне жинап, хазірет имам Әлиді Құдайдың бұйрығымен өзінің мұрагері, бауыры әрі орынбасары ретінде таныстырған.

Алла елшісі Ғадир Хомда сөйлеген сөзінде: «Мен кімнің молдасы болсам, менен кейін Әли – оның молдасы»,-деген.   

Ислам рауаяттарында ұлы мейрам деп аталған Ғадир Хом мерекесін барлық илаһи діндердің ең ұлы мерекесі деп айтуға болады, өйткені барлық илаһи елшілердің бүкіл еңбектері осы күні жеміс берді.   

Сараптама