Там 09, 2020 18:09 Asia/Almaty
  • АҚХА-нің екіұшты бақылауының арқасында Сауд Арабиясы ядролық жұмыстарын күшейтті

Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иран елшісі әрі тұрақты өкілі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінен Сауд Арабиясының жасырын ядролық бағдарламасының бетін ашып, агенттік мүшелеріне есеп беруді сұрады.

Казем Ғарибабади осы мәселені алға тартып: «Сауд Арабиясы Ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі (NPT) ұйымның мүшесі. Бұл ел Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен екіжақты қауіпсіздік туралы жан-жақты келісімге ие болғанымен, әлі де Агенттіктің қорғаныс мақсатындағы тексерістерінің кепілдіктерін қабылдаудан бас тартып отыр», - деді.

Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасы экономикалық мақсаттарға да ие болғанымен шын мәнінде әртүрлі мақсат пен міндетті көздейді. Осы тұрғыдан сараптауды қажет ететін түсініксіздіктер бар.

Жалпы Сауд Арабиясының ядролық қызметін сараптауда ескеретін екі маңызды мәселе бар: біріншісі, Иранның ядролық бағдарламасы туралы жалған мәлімдеме жасау арқылы дәстүрлі емес ядролық әрекеттерге жасырын қадам жасауында. Иранның ядролық қызметі толығымен айқын, тіпті АҚХА-нің тұрақты есептерінде шындықты тексеретін ең мықты тексерістің әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда Иранның ядролық жұмыстарына жасалып жатқаны айтылып келеді.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Агенттік жүзеге асырған барлық тексерістің 20 пайызы Иранда жасалды.

Сауд Арабиясы Ядролық қаруды таратуға тыйым салу туралы келісімге 1998 жылы қол қойып, ратификациялағанына қарамастан, тек 2005 жылы ғана «шағын мөлшерде» яғни «шектеулі мөлшерде уран мен плутоний бар» деген хаттамаға қол қойды. Агенттіктің қызметі және инспекциясы да осыған сәйкес реттелді. Бұл Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасының қазіргі жағдайымен сәйкеспейді.

Екінші мәселе, Эр-Рияд билігінің ядролық қаруға деген көзқарасының әшкере болуында. Бұл аймаққа төнген  ядролық қауіп-қатерді білдіреді.

Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі сілтеме жасағандай, Сауд Арабиясында «Urania» шығаруды көздейтін белсенді зерттеу реакторы жоқ. Бұл Сауд Арабиясының ядролық саладағы жасырын әрекеттері мен АҚХА инспекторларына кіруге рұқсат бермеуі, сонымен бірге Сауд Арабиясының аймақтағы тұрақсыздықты көздейтін осы елдегі ядролық қару-жарақ жасаудағы жасырын бағдарламасы туралы алаңдаушылықты арттырады.  

Осындай жағдайда АҚХА-нің Сауд Арабиясының ядролық жұмыстарын қадағаламауы аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Әсіресе, 2018 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман CBS арнасына берген сұхбатында NPT қалпындағы ынтымақтастықты шартты деп атады. Израиль режимі АҚШ-тың қолдауымен өзінің ядролық арсеналын дамытты. АҚХА бұл әрекеттерді нақты қадағаламайды. Сол себепті Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иран елшісі әрі тұрақты өкілі АҚХА-нен осы агенттік мүшелеріне есеп беруді сұрады.

 

Сараптама