Там 12, 2020 18:35 Asia/Almaty
  • АҚШ өзінің Иранға қарсы қарарын өзгертті

Reuters ақпарат агентігінің сейсенбі күні хабарлауынша, АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарына ауқымды өзгерістер енгізді.

АҚШ 15 кіріспе және 35 негізгі тармақтардан тұратын қарардың алғынұсқасын 4 бапқа сыйдырды.

АҚШ-тың жаңа қарарында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жаңа шешім қабылдағанға дейін Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы жалғасады делінген. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерінен сәрсенбі күні сағат 10:00-ға дейін (Нью-Йорк уақыты бойынша) осы алғынұсқаға қатысты ойларын білдіруді сұрады.   

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ өкілдігі Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы қарарды бекітуге мұрсат болмайтынын түсінгеннен кейін қарардың мәтініне ауқымды өзгертер енгізді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарына сәйкес, Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы биыл 18 қазанда күшін жояды.  

Сараптама