Там 12, 2020 20:15 Asia/Almaty
  • Харрис 2020 жылы АҚШ-та өтетін сайлауда Байденнің орынбасары ретінде таныстырылды

Алдын ала болжанғандай, АҚШ-та 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер демократ Джо Байден Камала Харристі президенттің орынбасарлығына үміткер деп таныстырды.

Осы шешім негізінде Джо Байден мен Камала Харрис 3 қарашада республикашыл үміткер Дональд Трамп және Майк Пенспен бәсекеге түсулері керек.

Харрис – АҚШ тарихында президенттің орынбасары ретінде қызмет істеу мүмкіндігіне ие болған үшінші әйел. Ол сондай-ақ, АҚШ-тың екі ірі партиясы тарапынан  президенттік сайлауға қатысу үшін таныстырылған алғашқы афроазиялық әйел. Камала Харристің түп-тегі ямайкалық әкесі тарапынан Африкаға және үнді анасы арқылы Азияға жалғанған. Осындай тектік-жанұялық алуандыққа байланысты Харристің Байден тарапынан таныстырылуы демократшыл үміткердің АҚШ-тағы әйелдер, афроамерикалықтар және азиялықтар, басқа да нәсілдік топтар мен қауымдар арасында танымалдығын арттырды. Сондай-ақ,  55 жастағы Харрис 77 жастағы Байменмен салыстырғанда орта жастағы адам саналады. Байденнің орынбасарының жасы мына тұрғыдан маңызды: егер ол Ақ үйге жол тартқан жағдайда АҚШ-тың кәрі президенттерінің қатарына жататын болады, 2024 жылы 82 жасқа келгенде екінші рет сайлауға қатыса алмауы мүмкін. Осы тұрғыдан Харрис ықтимал орынбасар ретінде 2024 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігіне ие болады.

Әрине Трамп-Пенс командасын жеңіп, Ақ үйге кіру үшін Байден мен Харристі ауыр жол күтіп тұр. АҚШ-та коронавирустың таралуы,  ауқымды жұмыссыздық және нәсілшілдік қақтығыстардан туындаған терең дағдарыстардың болуына қарамастан, демократтардың республикашылдарды жеңетіні анық емес. Байденнің агрессиядан ада тұлғасы, демократтардың бәсең белсенділігі мен Харристің еңбек өтіліміндегі кейбір әлсіздіктеріне байланысты сауалнама қорытындылары бойынша демократтар айтарлықтай басымдыққа ие болса да, сайлауда жеңіске жететінін кесімді түрде айта алмаймыз.

Сонымен қатар алдағы күндерде консерваторлар Харриске қарсы ауыр шабуылдарды бастады. Харрис Байденнің орынбасары деп таныстырылған хабар таралғаннан бірнеше минут өткен соң Трамп өзінің ауысша шабуылдарын бастады.  Ол Харристі әлсіз адам деп сипаттап, оның салықтарды көбейтіп, әскери-қорғаныс бюджетін азайтып, полиция күштерін жоюды көздейтінін айтты. Бұл мәселелер америкалық консерваторлар үшін аса маңызды.

АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға 80 күндей қалды. Осы аралықта президенттікке үміткерлер үш рет және президенттердің орынбасарлары бір рет теледебат өткізеді.  Сондықтан 7 қазанға белгіленген Харристің Пенспен пікірталасы америкалық дауыс берушілердің назарын аударуға берілген маңызды мұрсат саналады.  

Сараптама