Там 14, 2020 19:04 Asia/Almaty
  • АҚШ 15 кіріспе және 35 негізгі тармақтан тұратын қарардың алғынұсқасын 4 бапқа сыйдырды

Бейсенбі күні сағат 17:30 (Нью-Йорк уақыты бойынша) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Иранға қарсы қарарына қатысты онлайн дауыс беру басталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дауыс беру жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-ға дейін жалғасады.

АҚШ үкіметі сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесі жиналысында аталмыш қарарды дауысқа салуы тиіс еді. Бірақ Иранға қарсы қарарды бекітуге ешқандай мүмкіндіктің жоғын түсінгенде, қарар мәтініне ауқымды өзгерістер енгізді.

АҚШ 15 кіріспе және 35 негізгі тармақтан тұратын қарардың алғынұсқасын 4 бапқа сыйдырды.

Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы биыл 18 қазанда күшін жояды.

Тегтер

Сараптама